
Су басқан өңірлерде тәулік бойы күзет пен рейд жүріп жатыр
Тәртіп сақшылары су тасыған өңірлерде қараусыз қалған үйлер мен дүние-мүлік күзетіп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today сайты. «Су басқан өңірлерде патрульдеу және кезекшілік 24/7, яғни тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, патрульдеуге атты полиция жасағы да қатысып жатыр. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың ешқайсысы су…