
Құлсарыда әлі 2748 үй суда тұр
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева өңірдегі тасқыннан ең көп зардап шеккен Жылыой ауданындағы жағдай туралы мәлімет ұсынды. «Жылыой ауданындағы ахуал төтенше жағдайлар қызметінің қатаң бақылауында. Құлсары қаласында Жем өзенінің су деңгейі тәулік ішінде 20 сантиметр төмендеді. Жалпы тасқын басталғаннан бері 136 сантиметр төмендегенін айту керек. Барлық қызметтер күшейтілген режимде…