«Мектеп орнына клуб салып алған кімдер?» Депутаттар әлеуметтік жерді бизнеске айналдырғандарды әшкереледі
Фото: видеодан скрин Қазақстанда соңғы жылдары мектеп пен балабақша салынуы тиіс жер телімдері жеке компаниялардың меншігіне өтіп, сауда және ойын-сауық орталықтарына айналған жағдайлар жиілеп барады. Мәжілістегі Құрылыс кодексін талқылау кезінде бұл мәселе ашық көтерілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Депутаттардың айтуынша, қала жоспарларында (ПДП) әлеуметтік нысандарға арналған деп көрсетілген жерлер кейін тұрғын үй, дүкен немесе…
