Жауапсыз әке: БҚО-да балаларына алимент төлеуден қашқан жігіт сотталды
Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Бәйтерек ауданы прокуратурасының ұстанымы ескеріліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделген…
