
Қарағанды облысында жолаушылар вагоны рельстен шығып кетті
Әлеуметтік желіде Ағадыр мен Айса станцияларының арасында вагонның рельстен шығып кеткені туралы қызу талқыланып жатыр. Қазақстан теміржолы Қарағанды облысында жолаушылар пойызы вагонының рельстен шығып кетуіне қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар бұл іске көліктегі полиция басқармасы түсініктеме беріп, пойыздың техникалық вагоны рельстен шығып кеткенін хабарлады. «24 сәуірде сағат 02:46-да Ақадыр-Айса аралығындағы пойызбен жүргенде дизель-генераторлық қондырғысы бар…