Тоқаев Хорватияның премьер-министрін келесі жылы Астанаға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия премьер-министрі Андрей Пленковичпен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Президент Хорватияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Пленкович екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылады. «Кездесуде энергетика секторындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда…
