Легионерлерді қуып жібергелі «Барыс» қарқынын күшейтті
Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» сырт алаңда «Нефтехимик» командасын жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтырғалы отандық клуб төртінші жеңісін тойлап отыр. Жерлестеріміз қонақта Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнап, жеңіс шайбасын овертаймда соқты. Екі күн бұрын ғана қос команда кездесу өткізіп, қарсыластарға 4:1 есебімен жол берген еді. Бұл…
