Сұлтанхан Аққұлұлы: Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр емес, өте қымбатты Дариға Назарбаеваның туған күні емес

Фото: «Qasqa jol» ютуб каналындағы кезекті подкасттың қонағы ретінде Әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист, Әлихан Бөкейханның 7-томдық толық шығармалар жинағының құрастырушысы Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлы шақырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 7 мамырды Отан қорғаушылар күні ретінде қабылдамайтынын айтқан Сұлтанхан Аққұлұлы неліктен мұндай ұстанымда екенін түсіндірді. ХХ ғасыр басындағы тарихымызды зерттеуге 30 жылдан астам уақытымды жұмсаған ғалым…

Толық оқу

Батыс Қазақстанда Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақ ауылында 929 сантиметрге жетті

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 929 (қауіпті шегі – 850 см) сантиметрге жетті. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 6 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне сәйкес аталған гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 30 сантиметрге көтерілді. Жайық суы Ақжайық ауданының аумағы арқылы Атырауға қарай өтіп жатыр. Есесіне Жайық өзенінің басқа гидробекеттерінде…

Толық оқу

Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: omandailynews.com Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы 09:12 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.2. MPV Магнитудасы — 5.7. Жер сілкінісінің координаттары — 42,73° с. б. 79,21° ш. б. Тереңдігі — 10 шақырым. Қазақстан аумағында нақты…

Толық оқу

Ресейде аттракционнан үш бала құлап кетті

Фото: Pixabay  Ресейдің Краснодар өлкесінде Ейск қаласындағы Поддубный демалыс саябағында аттракционға мінген үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Ейск ауданаралық прокуратурасы 5 мамырда Ейск қаласындағы Поддубный атындағы мәдениет және демалыс саябағында «Лавица» аттракционының жұмысы кезінде орын алған оқиғаға байланысты тергеу ұйымдастырды, оның салдарынан үш бала зардап шекті»,…

Толық оқу

Полиция АҚШ азаматына туыстары туралы ақпаратты іздеуге көмектесті

Фото: Polisia.kz Қазақстанға келген ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып тағзым етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінді. Оның әкесі – ұлты еврей, Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған….

Толық оқу