
Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады
Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтетін «Елорда кубогіне» дайындалып жатыр. Дәстүрлі халықаралық турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді. Аталған сында ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары түгел қатысады. Қазіргі таңда Мырзағали Айтжанов шәкірттері Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы жеті салмақтың алтауында Олимпиада жолдамасын еншіледі. 63,5 келі салмақтағы Париж квотасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таласады.