Бейімбет Майлин – Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы

Бүгін, 15 қараша, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, атақты жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің туған күні. Оның шығармалары қазақ халқының өмірін, тұрмысын, салт-дәстүрін терең суреттеп, ұлттың рухани қазынасына зор үлес қосты. Өмірбаяны Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай облысы, қазіргі Таран ауданында дүниеге келді. Жастайынан білімге құштар болып, ауыл молдасынан хат таныды. Кейінірек Троицк қаласындағы…

Толық оқу

Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылу себебі айтылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Каспий теңізіндегі Қызыл кітапқа енген итбалықтардың жаппай қырылуына су астындағы жер сілкінісі себеп болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 1034 итбалықтың өлексесін тапты. “Балық шаруашылығы комитеті табиғи құбылыстар, соның ішінде…

Толық оқу

Бүгін түнде 58 жастағы Майк Тайсон рингке шығады

16 қарашаға қараған түні ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон блогер Джейк Полмен жұдырық  түйістіреді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Майк Тайсон мен Джейк Пол жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Кейін көз түйістіретін кезде Тайсон қарсыласының бетінен шапалақпен ұрып жіберген. Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қарашаға қараған түні Арлингтонда…

Толық оқу

«Мен ешкімді жақсы көрмеймін»: Черчесов бапкер қызметіндегі басты ұстанымын айтты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы өткен матчты қорытындылады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:2 есебімен Аустрия құрамасының пайдасына шешілген еді. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында бас бапкер Станислав Черчесов ойынды қорытындылай келе, футболшылардың атын атап баға бермеуді жөн көрді….

Толық оқу

Абай облысында 6 қызметкер жалған дипломмен жұмыс істеген, оның біреуі басшылық лауазымда

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын әшкереледі. «Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, аталған қызметкерлерге диплом берілмеген», — деп жазды бақылаушы органнан. Осы…

Толық оқу
Яндекс.Метрика