Мемлекет басшысы ТМД аясында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды

Фото: Ақорда Президент ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры базасында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық қатынастар елдерімізді біріктіретін негізгі фактор екеніне назар аударды. Президент дәстүр мен инновацияны, тарихи мұра мен заманауи технологияны сабақтастыратын креативті индустрияны дамытудың болашағы зор деп есептейді. – Қазақстан осы саланы дамыту бағытында жұмыс…

Толық оқу

«Адам шығыны бар»: Маңғыстауда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

Фото: видеодан скрин Жол-көлік апаты кеше сағат 13:30 шамасында Батыр мен Қызылтөбе-2 ауылдарының арасындағы трассада болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы (ПАЗ) соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Ал, автобуста 4 жолаушы мен кондуктор…

Толық оқу

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Фото: Ұлттық банк Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ұлттық банк таратқан ақпаратқа сүйенсек, инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясында ақша-кредит шарттарының жұмсаруы бағаның шектен тыс өсуіне қауіп туғызды. Осыған байланысты инфляцияның динамикасын тұрақтандырып, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін…

Толық оқу

Бас қаладағы жаңа пәтерлердің құны бірден 5,1%-ға артты

Фото: Pixabay Қыркүйекте бастапқы нарықтағы бағалар тамыздағы айтарлықтай өсімнен кейін айдан айға бірден 5,1%-ға артты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 2015 жылдың басынан бері Астанада бұл сегменттегі тұрғын үй бұдан да жоғары қарқынмен тек екі рет қымбаттаған еді: 2015 жылдың қарашасында және 2022 жылдың наурызында. Екінші нарықта бағалар 2,2%-ға өсті, бұл 2025 жылғы ең…

Толық оқу

«Құдай маңдайыма жазды деп…»: Блогер хиджабтағы қыздың оқиғасын жайып салды

Фотоколлаж: sn.kz Белгілі журналист, блогер Мөлдір Анарбаева хиджабтағы қыздар мен олардың өмірі туралы бар шындықты айтты. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.   «Иран билігі әйелдерді хиджаб киюге міндеттемейтін заңды жойды. Енді елге хиджаб кимеген әйелдерге ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық жаза жоқ.   Мемлекет енді әйелдердің киім таңдау еркіндігіне…

Толық оқу
Яндекс.Метрика