
Алматы облысында оқушы мектепте жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Алматы іргесіндегі Қошмамбет ауылында мектепке кеткен 10 жастағы оқушы көз жұмған. Мектепке ауырмай кеткен, бойында дерті болмаған жасөспірімнің неден қайтыс болғаны жұмбақ күйінде қалып отыр. Сабақ үстінде «ішім ауырды» деп құлаған қыз сәлден кейін есін жоғалтып, жан тапсырған. Мектеп әкімшілігі оның өліміне себепкер деп жедел жәрдемді кінәлайды. «Апайы хабарласты. «Тез жетпесеңіз болмайды» деді. «Не болды?»…