Бүгін Германияда футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады

Фото: Pixabay Бүгін Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Qazaq Todayақпарат агенттігі.  Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі толығымен «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Құрлықтық дода ойындары Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф,Майндағы Франкфурт, Гельзенхиркен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт секілді қалаларында өткізіледі. Әлемдік доп додасында қазылық ететін төрешілер Англия, Аргентина, Германия,…

Толық оқу

«Ақшаңызды ұрлауы мүмкін»: Мамандар қоғамдық орындағы тегін Wi-Fi-ға қосылмауға кеңес берді

Фото: solutionincblog.com Кофехана мен қонақ үйлер, қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi желісіне қосылу қауіпті. Себебі хакерлер тегін интернет қолданушылардың жеке деректеріне қол жеткізуі мүмкін екен. Сондықтан мамандар қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларына аса мән беруге кеңес береді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Сарапшылар гаджетке антивирустық бағдарлама орнатып, қорғалмаған желілер арқылы қаржылық транзакцияларды жасамауға шақырады….

Толық оқу

Алматыда тағы да жер сілкінді

Фото: advantour.com 13 маусымда Алматыда сағат 22:25-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.  Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқаны анықталды. Жерасты дүмпуі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген. Қираған ғимараттар жоқ. Бұған дейін Алматы прокуратурасы жер сілкінгенде сейсмикалық ескерту берілмегені үшін қылмыстық…

Толық оқу

Астанада Есілді жүзіп өтемін деп бәс тіккен жасөспірім суға батып кетті

Астанада 17 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті. Бұл туралы Qazaq.Today ақпарат агенттігі хабарлайды. 12 маусымда Астанада жасөспірім өзеннің бір жағасынан екінші жағына жүзіп өте аламын деп достарымен бәстескен. Бірақ бәс қайғылы оқиғамен аяқталды. Бала батып кетті. Сағат 19:02-де Астана қалалық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жасөспірімнің денесін судан шығарып алды.

Толық оқу

Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек әлем чемпионы атанды

20 жасар Қазыбек Нөгербек 2024 жылғыжасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы әлемчемпионатында (FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024) бірінші болып, 2024 жылғы әлем чемпионы атанды.  Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті. Әлем біріншілігінде 123 қатысушы,оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралықшеберлер бақ сынады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  Қазыбек Нөгербек (2502)…

Толық оқу