Алматы облысында дәрігерлер инфаркт ұстап қалған егде жастағы адамға шұғыл көмек бергеннің орнына басқа ауруханаға жіберген
Фото: КТК 65 жастағы науқас клиникада жасалған процедурадан соң жағдайының күрт нашарлап кеткенін айтады, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Дәрігерлер науқаста инфаркттың алғашқы белгілерін байқап, ем-шараны бастаудың орнына, жедел жәрдеммен өзге ауруханаға жібере салыпты. «Соның кесірінен ажал құша жаздадым» – дейді ер адам. Осы жағдайдан кейін медициналық орталықта тексеріс жүргізіліп, өрескел заңбұзушылықтар анықталған…
