Ақтаудағы ұшақ апаты: ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды

Фото: Азамат Сәрсенбаев  Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Біздегі ақпарат бойынша ол Ақтауға бара жатыр. Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды. Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады….

Толық оқу

Сұмдық! Ақтау маңында ұшақ құлады

Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Сәрсенбі, желтоқсанның 25-і күні таңертең Әзірбайжан астанасы Бакуден Грозныйға ұшқан Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы төтенше жағдай туралы белгі берді. Ұшақ Ақтау маңында құлаған.

Толық оқу

Астанада шетелдіктер ломбардтан алтын ұрлап кетті: шығын 45 млн теңге

Астанада шетел азаматтары 45 миллион теңгенің алтын бұйымдарын және 1,5 миллион теңге қолма-қол ақшаны ұрлады. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Қылмыстың қалай ұйымдастырылғаны Polisia.kz мәліметінше, бес шетелдік азамат бұл қылмысты мұқият жоспарлаған. Олар алдын ала ломбардтың кілттерін тауып, мекеме қызметкері түскі үзіліске кеткен сәтті күткен. Сол уақытта ломбардқа кіріп, 654 алтын бұйымды және қолма-қол…

Толық оқу

Асад режимі құлаған Сирияда жаңа наразылық басталды

Фото: reuters Христиан дінін ұстанатын сириялықтар наразылыққа шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Христиандар көп тұратын Сукайлабия қаласында Рождество мейрамына арналған шыршаны бетперде киген адамдар өртеп жіберген соң, адамдар көшеге шықты. Башар Асад режимін құлатқан «Хайят Тахрир аш-Шам» ислам фракциясы шыршаны өртеген шетелдік содырларды ұстағанын хабарлаған және діни этникалық азшылықты қорғауға уәде берген….

Толық оқу

Қазақ ауыр атлеті Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді. Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті…

Толық оқу
Яндекс.Метрика