Теннистен ел құрамасы United Cup турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисшілер Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінде Грекия құрамасын ұтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеп. Бірінші болып кортқа шыққан Александр Шевченко (78) сенсация жасады. Ол әлемнің 11-ші ракеткасы Стефанос Циципасты 6:4 және 7:6 (7:0) есебімен жеңіп шығып, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Екінші болып кортқа шыққан Елена Рыбакина Мария Саккариді 2:0 (6:4, 6:3) айқын жеңіп шықты….
