Түркияда жер сілкінісі болды
Түркияның Анталия қаласында жер сілкінісі болды. Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, Түркияның Анталия қаласында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісі теңіз жағалауындағы Алания ауданында, 7 км тереңдікте болды. Эпицентрі де сол жерде анықталды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
