Павлодарлық сарбаз еркін күрестен үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Балуан қазіргі таңда жас жауынгер курсынан өтуде, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  @Pavlodarnews.kz жазуынша, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық ұланның  «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығына  қарасты   6679 әскери бөлімінде  Отан алдындағы  борышын  өтеуге кіріскен  Алдияр Тоқанов спортсүйер  қауымға етене таныс. Ол еркін күрестен  2019 жылы Қызылорда  қаласында, 2020 және 2024 жылдары  Қарағанды қаласында өткен…

Толық оқу

Байқоңырға кірмек болған үш еуропалық турист ұсталды

Байқоңыр ғарыш айлағына заңсыз кіруге тырысқан Еуропадан келген үш турист ұсталды. Бұл туралы РИА Новости дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Байқоңыр ғарыш айлағына кірмек болған кезде ұсталған үш еуропалық азаматқа 26-шы гарнизондық әскери сот әкімшілік жаза тағайындады», — деді агенттіктің сұхбатшысы. Туристерге ғарыш айлағының аумағынан кетуге бұйрық берілді.

Толық оқу

Алматы маңында жол апатынан 21 жастағы мопедші қайтыс болды

Әлеуметтік желіде қайғылы оқиғаның бейнежазбасы тарады. Онда мопедпен жол апатына ұшыраған жас жігіттің мерт болғаны айтылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Алматы облысының Полиция департаменті айтылған оқиға Алматы маңындағы Тұздыбастау ауылында болғанын хабарлайды. «Мопедтің қатысуымен жол апаты 10 шілде күні Тұздыбастау ауылында болған. Жүргізуші рульді басқара алмай, мопедтің аударылуына жол берген. Апат салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс…

Толық оқу

Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғанстан Ислам Республикасының азаматы Х.М.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы),  297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен (есірткі ж.б. өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемден, сақта, тасымалда, жөнелту не…

Толық оқу

Мектеп директоры ұлын жұмысқа заңсыз орналастырғаны үшін сотталды

Алматы облысындағы мектеп директоры қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған мүлікті ұрлағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сотталушы 2022 жылғы тамызда Балқаш ауданындағы мектептердің бірінің директоры бола тұра ұлын осы мекемеге лаборант ретінде жалған жұмысқа орналастырған. Оның әрекеті нәтижесінде мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 902 мың теңге материалдық…

Толық оқу