Эксклюзивті мазмұн:

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

«Өзіміз шешеміз»: әйгілі Шәлкөде жайлауы жекеге өтіп кетті

Атақты Шәлкөде жайлауы шабандар үшін жабылды. Бұдан былай малшылар да, ауыл тұрғындары да төрт түлігін Шәлкөде жайлауына шығара алмайды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасап.

Райымбек ауданының тұрғындары биыл күтпеген жағдайға тап болып отыр. Бағзы заманнан баршаға ортақ кең жайлауды биыл бәзбіреулер иемденіп, қоршап алыпты. Тұрғындардың айтуынша жергілікті басшылар ауыл мен ауданның маңындағы жерлерді жекешелендіріп болып, енді тау басындағы жайлауды да жекеге беріп жіберген екен. Төрт түлікпен күн көрген ауыл жұрты малын қайда бағарын білмей отыр.

«Осы Шәлкөде сатылып кетті деген кезде, бәріміз шуладық. Қалай алады, қалай беріп жатыр, деп. Елдің сөзінше, жекешелендіруге мемлекеттік акт 2017 жылы шығып қойған. Ол кезде бұл ауылда Мақсат Әшімбаев әкім болған. Мақсат «ол жердің сатылғанын білмеймін, мен қол қойған жоқпын» деді. Сонда ол қандай әкім, кім қол қойғызып алып жүр, түсініксіз. Жұрт жайлауға барса, әлгі жерге қазығын қағып, белгілеп алыпты. Жаңа әкім де білмеймін дейді. Сол кезде жер бөлімінен шақырттық, ауданның әкімін де шақырттық. Әкім өзінің орынбасары Самат Сатылғанұлын жіберіпті. Ол «өзіміз шешеміз, шулатпаңдар, төбелеспеңдер» деп айтты да, жоқ болды», – дейді Сарыбастау ауылының тұрғыны Фарида Ілиясова.

«Қай жер шұрайлы, қай жер жақсы, қай жер ақша табу үшін демалыс орнына жарайды сол жердің бәрін сырттай, ешкіммен ақылдаспай, жоғарыда отырғандар иемденіп алған. Оның бәрі халықтың жері ғой. Сол халық қызығын көруі керек. Жерді қайтару керек», – деді ауыл ақсақалы Молдахмет Нұрахметов.

Райымбек ауданының әкімдігі де жайылымдық жердің тапшы екенін растап отыр. Жергілікті билік Шәлкөде жайлауында халыққа ортақ жайылымдық жер азаймайды деп сендіруге тырысып отыр. Аудан әкімдігінің хабарына сенсек, жерді бай-бағландар 20 жылға жалға алған. Жерді мақсатты пайдаланбаған кәсіпкерлерді сотқа беріп, мемлекеттің балансына қайтаруға кірістік дейді.

«Шәлкөде жайлауын ірі-ірі серіктестіктер иемденген. Олар 2004, 2005, 2010 жылдары құжат бойынша алып алған. Бірақ бұл серіктестіктер ол жерлерге келмеген, ешқандай малын жаймаған. Бірақ құжат бойынша сол серіктестіктерге тиесілі. Қазір енді біз «Адем СНиП» ЖШС-ға қарап келген 3 мың гектар, «Инвест групп» ЖШС-ға қараған 1 200 гектар жайылымдық жерді мемлекеттік қорға соттың шешімі негізінде қайтарып алдық», – деді Райымбек ауданының «Жер қатынастар бөлімі» ММ басшысы Мұхтар Батырханұлы.

Сарыбастаулықтардың жайлауын «A and D company» компаниясы 2017 жылы жалға конкурс арқылы рәсімдеп алған. Кәсіпкер ен жайлауға малын биыл ғана қаптатыпты. Халық шулағанда «оянған» аудандық әкімдік 1,5 мың гектар аумақты жекенің меншігінен тек келесі жылы ғана сот арқылы қайтарып алмақ.

«2017 жылдың желтоқсан айында «A and D company» ЖШС конкурс негізінде 1 500 гектарға жуық жайылымдық жерді ұтып алған екен. Ол жерге ешқандай жұмыс жүргізілмеген, проблеманы да ешкім қозғамаған. Енді биыл малын әкеліп, шекараларын айқындамақ болғанда түсініспеушіліктің туғаны рас. Кәсіпкер жерді 2017-де алады да, аудан 2018 жылы бөлінеді. Ары-бері кішкене құжат жасау болды, ауыс-түйіс болды, мамандар жетіспеді ауылға. Сол себептен 2018-де қозғалыссыз қалып қалған. Сол уақыттан бері жерді пайдаланбай келген «And company»-ға қатысты комиссиялық акті жасалған. Компанияға жерді өз мақсатында пайдаланбағаны үшін мемлекеттік қорға сот тәртібі арқылы алынатынын хабарладық. Сол хабарлама жіберілгеннен кейін 1 жылдан кейін ғана келісімшартты бұзу үшін сотқа жүгінеміз», – деді Мұхтар Батырханұлы.

Айтуынша, сотқа талап-арыз келесі жылы маусым айының соңында түседі. Ал мамырда Шәлкөдеге жайлайтын сарыбастаулықтар келесі жылы да жайылымдық жерден қағылады деген сөз. Қазір ауыл тұрғындарының 60 мың қойына, 7 мың сиырына, 10 мың жылқысына жайылымда, жайлауда орын болмаған соң тау кезіп жүр. Тау басындағы Шәлкөде жайлауының ұзындығы 40 шақырымға жетеді. Теңіз деңгейінен екі мың метр биіктікте жатқан жайлау малға қолайлы, табиғатының сұлулығымен де елге танымал. Жайлаудың тек 7 мың гектар жері ғана сарыбастаулықтарға тиесілі болған.

«Әкім бізге бір ауыз ескерткен жоқ. Жайлаудың жекеге өтіп кеткенін жасырды. Енді көшіп барып, жайлаймыз деп жатқанда жердің қоршалып, өзгенің қарамағына өтіп кеткенін бір-ақ көріп отырмыз. Көкке әзер жеткен малдың жағдайы қиын, көбі көтерем, қырылу алдында тұр. Өйткені, жаздың ортасында жайылатын жер жоқ, шөп жоқ. Енді қайда барамыз», – деді Сарыбастау ауылының ақсақалы Бекен Әбдіқазы.

Соңғы

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің 15 облысы мен 3 республикалық қаласынан іріктелген 28 оқушы қатысып, сөз сайысына түспек, -деп хабарлайды...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнарды атып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Күдіктінің 11 айға жуық уақыттан...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here