Фото: azretsultan.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық Экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасын әзірлеген кезде Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан сияқты елдердің тәжірибесі негізге алынғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Заң жобасының мынандай негізгі жаңашылдықтар бар:
— Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру;
— Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлердің шығындарын ішінара бюджеттен өтеу;
— Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау.