Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

Министр шетелдік туристердің жалпы саны 610 мың адамға жеткенін атап өтті. Салыстырып қарағанда, 2021 жылғы осындай кезеңнің қорытындысы бойынша 9 айда Қазақстанға 208,5 мың шетелдік қонақ келді. Динамика 2022 жылы 1,3 млрд. АҚШ долларына дейін өскен қызмет көрсету экспортына жағымды әсерін тигізді. 2021 жылы сол кезеңдегі экспорт сомасы 395 млн. АҚШ долларын құрады.

«Әрине, пандемиядан кейінгі кезеңді де ескеру керек. Бірақ 2022 жылы жағдай айтарлықтай жақсарды. Министрлік Қазақстан бойынша «Қазақстан Гранд-турының» негізіне кіретін бес басым бағытты әзірледі. Бұл – қазірдің өзінде сұранысқа ие тартымды маршруттар. Бірақ олардың барлығы көптеп келетін туристерді қабылдауға дайын деп айтуға келмейді. Сондықтан біз әкімдіктермен бірге инфрақұрылымды жақсартып, таңдалған бағыттар бойынша туристер үшін жағдай жасауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ туризм саласы қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру, туроператорлармен бірге мақсатты нарықтарда турларды ілгерілету бағытында жұмыстар жүргізілетін болады», – деп атап өтті Асхат Оралов.

Айта кетерлігі, Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді. Егер 2019 жылы Қазақстан 80-ші орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіштері жақсарып, 66-шы орынға жайғасты.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here