Өскеменде 14 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Оқиға Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды Altaynews.kz сілтеме жасған Qazaq.today агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен жеткіншекті жедел жәрдем «Ана мен бала орталығына» жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаты ауыр. Бала қазір жансақтау бөлімінде. Полиция әзірше бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеді