Өскеменде әйел адамды мерт қылған автобус жүргізушісі 2,5 жылға сотталды

Өскемен қаласында әйел адамды қағып, мерт қылған автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме беріп.

Оқиға өткен жылы 25 қараша күні болған.

Қала ішінде қатынайтын автобус таңғы уақытта Карбышев көшесінде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған еді. Аталған іс Өскемен қалалық №2 сотында қаралып, сот үкімі енді шығып отыр.

«Жүргізушінің кінәсі іс бойынша жиналған айғақтармен, атап айтқанда бейнебақылау камерасының жазбасы, куәгерлердің сөзі және сарапшының қорытындысымен толық дәлелденді. Ауыр емес санатқа жататын бұл қылмысқа 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот шешім шығарарда айыпталушының бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here