Эксклюзивті мазмұн:

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген «HAQ» қоры жұмыстарының нәтижесін жариялады

Тәуелсіз бақылаушылар президент сайлауының қалай өткенін жариялады.  «HAQ» қоры...

«Өртенсеңде жазадан құтылмайсың»: Алматы облысында зейнеткер өзін әкімдіктің алдында өртемек болған

Алматы облысында   зейнеткер, «Құрмет» орденінің кавалері облыс әкімдігінің жанында өзін өртемек болған. Оның айтуынша, аудан әкімі мен прокурор азаматтық белсенділерге қысым көрсетіп отыр.  Ал, әкімдік өкілдері азаматтың заңды белден басып отырғанын айтады. Дау Талғар ауданындағы жерге таластан шығып отыр, деп хабарлайды Qazaq.Totay ақпараттық агенттігі.

Зейнеткердің әрекетіне назар аударған облыс әкімдігі, заңды бұзған адам өртеніп кетседе жазадан құтылмайтынын ескертті. Дауға қатысты соттың шешімі де шыққан екен. Бірақ, ауданда өзгенің жеріне заңсыз өндіріс салған зейнеткер ешбір ескертпені елемей келеді.

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының депутаты Ержан Игібаевтың айтуынша, «Жан-Ару» ЖК  заңсыз қоқық қабылдап, полигон ашып алған. Мемлекеттік мекемелердің ескертпесіне де елемей келеді. Тіптен оны сотта, сот орындаушыларда тоқтата алмай келеді.

«Айтжігітовке қоқыс өңдеу зауытын салу үшін жер берілді, бірақ 8 жыл ішінде ол ештеңе істемеген және орнын тұрмыстық және бейорганикалық қалдықтар бойынша рұқсат етілмеген полигонға айналдырды. Біз тексеру үшін барған кезде онда тіпті жануарлардан алынған ұшалар да болған, ал бұл үшін арнайы лицензиялар қажет, өйткені мұның бәрі инфекция мен вирустық аурулардың тасымалдаушылары болып табылады,- деді депутат Ержан Игібаев.

Әкімдік пен зейнеткер арасындағы тартыс ауданды қойып, облыстық сотқа да жеткен. Алматы облыстық соты 15 ақпанда «Жан-Ару» жеке кәсіпкерлігінің тұрмыстық қалдықтарды қабылдауды үш айға  тоқтату туралы қаулысы да шыққан. Қаулы жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енді. Бірақ Айжігітов айнваланы полигонға айналдыруын бәрібір тоқтатпаған. Талғар ауданы ақсақалдарының айтуынша, Айжігітов тарапынан жасалған мұндай әрекет қоғамды сыйламау, табиғатқа қасақана зиян келтіру.

«Ақсақал өзін өртеп жіберетінін бүкіл елге жариялап отыр. Өзінің кінәсі бола тұра бұлай жасауы қате. Ол заңды бірнеше рет бұзған.  Менің ойымша, бұл «Құрмет» ордені бар адам үшін лайықты әрекет емес. Керісінше, жас ұрпаққа үлгі болуы керек. Біз табиғатты қорғап, зиян келтірмеуіміз керек», – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Матан Рахымбергенұлы.

 

Алматы облысының экология департаменті де полигонға қатысты тексеру жүргізіп,  заңсыздықтарды анықтаған. Қоқыс төккен көліктер арқылы ақша тауып, тегін пайдаға кенеліп келген зейнеткер сол маңдағы тұрғындарға да зиянын тигізіп келеді. Үнемі өртеніп жататын полигонның иісі мен көк түтіні халықтың денсаулығына да кері әсерін тигізіп келеді.

«Бұған дейін «Огонек» бау-бақша шаруашылығының төрағасы Н.К.Жарылқасын, Ақтас саяжайының тұрғындарының ұжымдық үндеуі негізінде «Жан-Ару» ЖК-ның қарым-қатынасына ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізген. Белгілі болғандай  «Жан-Ару» ЖК Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 76, 90-баптарында, 350-бабының 7-тармағында және 206-бабының 2-тармағында көрсетілген заң талаптарын бұзып отыр. Аталған шаруа қожалығының басшысы, зейнеткер, «Құрмет» орденінің кавалері Айжігітов. Аудандық  прокуратура анықтау барысында жер телімінде Б.С. Айжігітов пен А. Б. Айжігітов құм мен қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіріп отырғанын да анықталған. Заңның талабын бұзған адам өртену арқылы жазадан құтылмайды», – деді Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай» жобасын іске асырады, ол + 3 км жолды қосуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маңызды куәлік беріп, жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды сұрады. Ұлықбек...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here