Фото: Қазақстан футбол федерациясы
45 жастағы Кирилл Кекер «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Кирилл Кекер клубпен келісімшартқа қол қойды, ол жақын арадағы жаттығуда командаға таныстырылады. Келісімшарттың мерзімі жылдың соңына дейін есептелген.
Осыған дейін Кирилл Кекер «Қайрат» футбол клубының бас бапкері болып, 76 матч өткізген.
Кекер осыған дейін шымкенттік клубқа жетекшілік еткен Александр Седневтің орнына келді.
Бұған дейін «Ордабасының» бас бапкерінің міндетін қазақстандық Александр Кучма атқарған болатын.
Шымкент, Ордабасы, футбол