Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Рамазан айына арналған жаңа Telegram ботты іске қосты. Бұл туралы Qazaq.today хабарлайды.
Боттың мүмкіндіктері:
- Пайдаланушылардың діни сұрақтарына жауап беру.
- Шариғат мәселелері бойынша ақпарат беру және кеңес ұсыну.
- Рамазан айының ораза кестесін жүктеу мүмкіндігі.
Telegram ботты ҚМДБ-ның Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырды. Оның айтуынша, бұл бот Рамазан айында мұсылмандарға қолдау көрсету және қажетті ақпаратты жылдам ұсыну үшін арнайы әзірленген.
Telegram ботқа қосылу сілтемесі:
https://t.me/muftyatbot
Бұл бот Рамазан айында діни сұрақтарға жауап іздейтін және ораза кестесін алғысы келетіндер үшін ыңғайлы құрал болмақ.