Фото: Pixabay
2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Жас балаларға ораза ұстау міндет пе? Бұл сұраққа Muftyat.kz инстаграмдағы парақшасында жауап берді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:
«Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанга дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан».
Балиғат жасы ер балалар үшін 13 жас болса, қыз балалар үшін 10-11 жас аралығы.