Фото: el.kz
Оралда ер адамды кәсіпорындағы құрылғы қысып қалған, – деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Көптеген дене жарақатын алған жұмысшы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Бұл – жыл басынан бері облыста өндірісте болған үшінші қайғылы оқиға.
«Осы жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру үшін комиссия құрылды біздің басқармамен. Комиссия өз жұмысын жүргізіп, нақты фактісін шығарады. Еңбек қауіпсіздігін ережелерін бұзу бойынша өліммен аяқталған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, бостандықтан айыруға дейін», — дейді БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бөлім басшысы.