Орал қаласында төрт жасөспірім 13 жасар қызды зорлаған, деп хабарлайды Qazaq.today БҚО полиция департаментініне сілтеме жасап.
Оқиға 12 маусымға қараған түні болған.
«Шамамен сағат 01.00-де 2006 және 2007 жылы туған төрт жасөспірім Орал қаласында жалға алған пәтерде 13 жасар қызды зорлаған. Жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.
Qazaq.today