Оралда көпір жөндеу кезінде 47 жастағы жұмысшы қаза тапты

Фото: Pixabay

Орал қаласында Шаған өзенінен өтетін жаяу көпірді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде 47 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жазатайым оқиға 6 тамыз күні болған.

«Абайсызда қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкері, 1977 жылғы ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі кезде мән-жайы анықталу үстінде», — деп хабарлады полиция департаменті.

Аталмыш жаяу көпір биылғы су тасқыны кезінде қираған болатын.