Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

Фото: ҚР ТЖМ

Орал қаласының Циолковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты,  деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Белгілі болғандай, 7 шаршы метр алаңда жеке заттар, қоқыс және ескі жиһаз өртенген.

— Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Қалың түтіннің салдарынан жоғары қабаттардан қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 9 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, – делінген ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ.  Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.