Оралда күйеуінің интимдік суретін желіге таратқан әйел сотталып кетті

БҚО-да әйел қызғаныштан күйеуінің интимдік суретін WhatsApp мобильді мессенджері арқылы таратып жіберген.

Орал қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол сияқты, тағы бір азамат әйелінің жеке суретін таратқаны үшін 3 жылға сотталды.

Үкімдер заңды күшіне енді.

 

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды заңды сақтауға және басқа адамдардың құқығы мен қадыр-қасиетін құрметтеуге шақырады, — делінген хабарламада.

 

37