Оралда ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды

Оралдағы үйлердің бірінен ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 3 шілдеге қараған түні болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 02:34-те өртсөндірушілердің пультіне «Пенсионер» бау-бақша серіктестігінде 30 шаршы метр аумақта саяжай өртеніп жатқаны туралы шақыру түскен.

Сағат 4:30-да өрт толық ауыздықталды. Оқиға орнынан өртсөндірушілер екі адамның күйік шалған мәйітін тапты.

Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. Тұрғындардың сөзінше, марқұмдар — жас ерлі-зайыпты.

«Олардың үйі су тасқынынан зардап шекті. Олар зиянды анықтау жөніндегі комиссияны күтті, бірақ оған жете алмады», — деді тұрғындардың бірі.