Орал қаласында 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға 15 шілде күні «Астана» шағына уданында болды, деп хабарлады.
«Сағат 12:52-де 20-шы үйден биіктіктен құлау дерегі бойынша шақырту түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 4-қабаттан құлаған 5 жасар баланы шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», — деп хабарлады ведомство.
Айта кетерлігі, Оралда 7 шілде күні күндіз бес жасар екі бала бесінші және үшінші қабаттардың терезелерінен әр түрлі уақытта құлап кетті.
Фото: freepik.com