Фото: Pixabay
Орал қаласында бүгін таңмен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 ақпан күні «Жеңіс көшесі, 5» мекенжайда орналасқан «Жайық самалы» ғимараты маңында болды.
«Шамамен сағат 07:30-да ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылды. Оның кім екені белгілі болды. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сараптамаға жіберілді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасады» деп хабарлады ведомстводан.