Фото: БҚО бойынша Экология департаменті
Орал қаласында екі жүргізуші автобустарының атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттардың шығарындылары жол берілетін шекті мөлшерден асқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Құқық бұзушылықтар тексерілген 18 автобустың екеуінде тіркелді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады. Ведомство Жол полициясымен бірлесіп Орал қаласында «Автобус» республикалық жедел профилактикалық іс шарасы аясында автокөлік шығарындыларына экологиялық мониторинг жүргізді.

Фото: БҚО бойынша Экология департаменті
Нәтижесінде жол полициясы қызметкерлері ҚР ӘҚБК-нің 334-бабына сәйкес (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік материал толтырып, ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.