Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,21 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 503,61 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 503 теңге. Еуро 524 — 530 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509,4 теңге, сатып алу құны — 503,4 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 523 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,41 — 5,51 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 19 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 497,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,47 теңге. Еуро — 520,89.