Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,02 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 499,11 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 519 — 523 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 502 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,42 — 5,62 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 3 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,64 теңге. Еуро — 519,14.