KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,39 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 524,75 теңге.
Ұлттық банктің 9 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 527,23 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 544,05.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 529 теңге. Еуро 541 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 530 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 — 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
https://kaz.inform.kz/news/kor-nariginda-dollar-arzandadi-158ac6/