Қор нарығында доллар қайта қымбаттап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,53 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы  – 502,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 506 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы  – 503 теңге. Еуро 527  – 531 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 509 теңге, сатып алу құны – 503 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 525 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,62-5,77 аралығында саудаланып жатыр.