Фото: ernur.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл алғашқы рет оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейі бағалатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі, – деді министір үкімет отырысында.
Сондай-ақ Бейсембаев балалардың жазғы демалысы 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары аясында ұйымдастырылатынын атап өтті.
Бұл мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Жазғы демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. Бірыңғай талаптарды қамтитын Әдістемелік ұсынымдар жинағы әзірленді, – деді ведомство басшысы.
55