Эксклюзивті мазмұн:

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Оқушы қызды зорламақ болған күдіктіні өлтірген: Қарағандыда 6 жасөспірім сотталды

Қарағандыда алты жасөспірім сотталып кетті. Олар жас қызды зорламақ болған ер адамды ұрып өлтірген. Әрқайсысы жеті жылға жуық мерзімге сотталып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы «Вечерняя Караганда» басылымына сілтеме жасап. 4 қаңтарда Қарағанды ​​соты алты айыпталушының әрқайсысын жеті жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырды. Жасөспірімдердің ата-аналары балалары педофилді ұрып-соғып, оны басқа біреу өлтіргенін алға тартады.

Кісі өлтіру оқиғасы осыдан 2,5 жыл бұрын Қарағандыдағы Майқұдық шағынауданында болған. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 28 мамырында жергілікті тұрғын 14 жасар қызды зорламақ болған. Кейін ол болған жайтты құрьысына айтып, достарынан педофилді жазалап беруді өтінген. Кейіннен алты жасөспірім гараж аумағында аталған ер адамды кездестіріп, оны соққыға жыққан.

«Оқиға сағат 18:00 шамасында болған. Сол кезде ер адам мас болмаған, соққыдан соң ол үйіне кеткен. Араға бес сағат салып, сағат 23:00-де оның денесі Майқұдықтағы автовокзал маңынан табылды. Ер адам қанға боялып жатқан, оның алкогольді ішімдік ішкені анықталды. Біздің жанайқайымызды ешкім естіп жатқан жоқ. Біздің балаларымызға кісі өлтірді деген айып тағылды. Ол кезде олар кәмелетке толмаған, 16 жаста болатын. Ер адамның денесінде қатты көгерулер, жарақаттар болған, біздің балаларымыз оны солай қатты ұрмаған», – дейді ата-аналар Жоғарғы сот пен Президенттен көмек сұрап.

Сонымен қатар сот сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау, айғақтарды оқиға орнында тексеру, беттестірулер, куәлардың айғақтарымен, сарапшының, заттай дәлелдемелердің, бейнежазбаның, сот-видеофонографиялық, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді деп есептейді.

«Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, олар қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасына кесілді», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сотталушылардан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге моральдық залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Алматылық қажылар Меккеге ұша алмай, ақшасын қайтара алмай жүр

Қажылыққа баратын 300-ден аса адам «Кәусар тревел» компаниясына алданған...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 46 жастағы аға оқытушы бұған...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here