Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының ректоры кандидаттар туралы пікір білдірді. Ректор Парламет Мәжілісіне білікті заңгер, білім саласын жетік білетін кәсіби мамандар бару керек деп санайды. ЖОО басшысы 19-наурызда өтетін сайлауға қатысты пікір білдіріп, қандай үміткерлерге дауыс беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ол заң ана тілімізде жазылуы тиіс деп санайды.
«Бұрынғы Парламент негізінен бір партиядан жасақталды деп санаймын. Қазіргі өзгерісті қолдаймын. Депутаттар тек партия тізімі бойынша емес, мажоритарлық жүйемен де сайланғанын құптаймын. Қазір өзін-өзі ұсынып жатқан азаматтардың ішінде өте мықтылары бар. Мен өзім Жетісудың азаматымын. Жетісу облысы бойынша сол жерден шыққан, өзінің елінің, жерінің мәселелерін өте жақсы білетін адам Парламентте отырса. Бүкіл елдің қамын ойлайтын азаматтар депутаттыққа барғанын қалаймын», — деді Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының ректоры Өмәрәлі Жалаири.
Жоғарғы оқу орындарындағы проблемаларды тек осы саланы жетік білетін азаматтар шеше алады деп санайды. Оның сөзінше, заң алдымен ана тілімізде жазылу керек. Сол кезде ғана заң халыққа түсінікті болады. ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің мүшесі жер мәселесіне қатысты да пікір білдірді.
«Қазір олигархтар жерді алып алды ғой. Солардан жерді қайтару мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр. Бізде олқылық өте көп. Заң оның үстіне орыс тілінде қабылданады. Оны қазақ тіліне аударғанда заңгердің өзі түсінбей қалады. Заңның бәрі әуелі мемлекеттік тілде дайындалуы керек. Мысалы, Бейжіңде аударма институты деген бар. Заң қытай тілінде қабылданады, ал аударма институтындағы мамандар қазақ, ұйғыр, корей тілі сияқты басқа да тілдерге аударады. Бізде де солай болуы керек. Өзім 30 жылдан бері ЖОО-ны басқарып келе жатырмын. Содан бері неше түрлі реформалар болып жатыр. Қанша министр ауысты. Әр келген министр өз жаңалығын әкеледі. Мен «Болон» процесіне қарсы болғанмын кезінде. Өйткені біздің оқу жүйеміз шетелдегідей дамыған емес. Оқудың бар қиындығын студентке артып қойды. Ол дұрыс емес. Кандидаттық, диссертациялық комитет құрып кетті. Осындай толып жатқан мәселелер көп. Проблемаларды шешу үшін оны жақсы білетін азаматтар Парламентке бару керек. Білім саласын жетік білетін үміткердің бірі Саят Нюсупов. Ол өмірін осы білім саласына арнаған, өзін жан-жақты көрсетіп, дәлелдеген азамат. Бүкіл жетісулықтарды Саят Нюсуповке дауыс беруге шақырамын», — деді Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Шакарапұлы.
Материалдың ақысы Саят Нюсуповтың жеке сайлау қорынан төленді.
Qazaq.today