«Дәрігерлердің кінәсі»: Қарағандыда жас босанған ана ауруханада қайтыс болды

Қарағанды қаласында жас босанған ана қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы  ​Анара Мағзұмова есімді тұрғын хабарлады. №1 перинаталдық орталықта дәрігерлер қателігінен әпкесінің көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

 «Менің әпкем Левенко Динара Бекболатқызы 29 сәуірде Қарағанды ​​қаласындағы №1 облыстық перинаталды орталықта «кесарь тілігі» арқылы сәбиін дүниеге әкелген болатын. Алайда оны өте ауыр халде үйге шығарып жіберген. Сол кезде оның дене қызуы жоғары болып тұрды. Бір күннен кейін гемоглобин деңгейі 50-ге дейін төмендеп кетті», – дейді бойжеткен.

Оның айтуынша, дәрігерлер шұғыл түрде әпкесінің жатырын алып тастаған. Алайда жағдайы күн санап нашарлай берген жас ана босанғаннан кейін 21-ші күні қайтыс болады.

«Әпкем өмірге құштар жан еді. Осы баланы ұзақ күтіп көтерген болатын, сондықтан да денсаулығына мұқият көңіл бөліп жүрді. Дәрігерлердің кінәсінен, бұлай деп айтудан қорықпаймын, әпкемнің екі баласы жетім қалды. 6 жасар үлкен ұлы күнде түнде оянып, «Анама хабарласындаршы» деп жылайды», – дейді сіңлісі.

Анара Мағзұмова әпкесі тура үлкен ұлының туған күнінде қайтыс болғанын айтады. Олар балаға анасының қайтыс болғанын әлі айта алмай жүрген көрінеді.

«Ол ауруханада жатқан 21 күн ішінде біз дәрігерлерден оның өмірін сақтап қалу үшін шара қолдануды сұрадық. Бірақ жас анада сепсис басталғаны ешкім алаңдатпады. СЭС те, медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің департаменті де селт еткен жоқ. Мұндай медициналық бассыздық қашан тоқтайды? Егер босанғанда ақша төлемесең, онда сені қан кетіп, тозақ отына түскендей күйде тұрсаң да ауруханадан шығарып жібереді!» – деп күйінеді бойжеткен.

«Новый вестник»  басылымының жазуынша, Медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын бақылау комитетінің департаменті Қарағандыдағы №1 перинаталдық орталықта тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады. Босанған әйелдің медициналық құжаттары зерттеліп жатыр.

Қазіргі уақытта «Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

https://www.instagram.com/p/Cec1ypkoXnS/

 

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here