Оңтүстікте +45 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанның оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Qazaq.today «Қазгидромет» мәліметіне сүйеніп.

Синоптиктер алдағы күндері антициклон отрогы циклонды еліміздің солтүстік-батысына біртіндеп жылжытатынын болжады.

«Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай мен желдің күшеюімен жаңбыр жауады, ал қатты жаңбыр солтүстік-батыста, 25 шілдеде — батыста, шығыста, 26-27 шілдеде — елдің солтүстігінде күтіледі», — делінген болжамда.

Күндіз ауа температурасы батыста +23+33°С-қа дейін, солтүстік-батыста +15+28°С-қа дейін, солтүстікте +18+28°С-қа дейін, орталықта +25+35°С-қа дейін болады. Ал елдің шығысында ауа температурасы +25+37℃-қа дейін, оңтүстікте +35+45℃-қа дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃-қа дейін көтеріледі.