Маңғыстау облысында 10 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Бүгін Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2014 жылы туған баланы құтқарып, жағаға жеткізді. Белгілі болғандай, оны үрлемелі шеңбер жағадан алысқа алып кеткен. Медициналық көмек қажет емес еді», — деп хабарлады ТЖМ.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Фото: ТЖМ