Олжас Ордабаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Ордабаев Олжас Темірбекұлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды qazaq.today сайты primeminister.kz.-ке сілтеме жасап.

Олжас Ордабаев 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Cesar Ritz Colleges Switzerland (Цезарь Ритц колледжі Швейцария, Манчестер Метрополитан университеті) бітірген. 2007-2014 жылдары бірқатар қоғамдық ұйымдарды басқарды. 2014-2015 жылдары «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік басқармасының бас менеджері қызметін атқарды. 2015-2018 жылдары «Атамекен» ҰКП, Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, директоры, басқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2018-2022 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі қызметін атқарды. 2022 жылғы наурыздан бастап Talap коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті болып жұмыс істеді.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here