Талдықорған қаласында Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Процесс барысында куәгерлердің бірі – Дана Жақсыгелді жаңа деректерді жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Куәгердің айтуынша, жанжал аяқталған соң сотталушылармен бірге отырған көліктен мылтық көрген. Сонымен қатар, дүкен алдында күдіктілердің пышақты сумен жуып жатқанын байқаған.
«Жанжалдан кейін бәріміз көлікке отырып, жолға шықтық. Алдыңғы орындықтан мылтықты көзім шалды. Кейін «777» дүкеніне тоқтадық. Эльмира дүкеннен сусын әкелді. Абзал менен сусынды қолына беруімді сұрады. Сол сәтте оның қолында пышақтың жүзін көрдім», – деді Дана Жақсыгелді сот залында.
Куәгер күдіктілердің жол-жөнекей қару мен пышақтан құтылғанын да айтты.