«Өліміме Рустам Әбдірахманов кінәлі»: Қаржы пирамидасына алданған 32 жастағы әйел өзін өртеп жіберді

Қаржы пирамидасына алданып, 20 млн теңгесінен айырылып қалған әйел Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өзі өртеп жіберді. Ашынғаннан өзін өлімге қиған әйелді полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына алданған әйел полицияның көзінше үстіне от қойған. Әйелдің өртеніп жатқан видеосы казнетте жарияланды. Министрліктің алдында өзін өлтірмекші болған әйел Бағила Досмайылова болып шықты. Ол бұған дейін де  өзінің әділдік таппағанын, О дүниеге аттануына алаяқтарды бүркемелеп отырған Алматы қалалық ПД бастығының орынбасарын кінәлаған еді.

«11 сәуір күні сағат 16:38-де «102» пультіне ҚР ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында бірнеше әйел өзін-өзі өртегелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен «Алматы» ауданы әкімдігінің өкілі келді. Олар Алматы қаласында болған қылмыстық іске қатысты шара қабылдаудан бас тартқан жағдайда өз-өздерін өртейміз деп мәлімдеді», деп көрсетті елордалық Полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері мән-жайды түсіндіргеніне қарамастан наразы топтың ішінде бір адам өзінің үстіне сұйықтық шаша бастаған. Учаскелік инспектор шалт қимылдағанымен, от лап ете түсіпті. Жалын дереу сөндіріліп, әйелге медициналық көмек көрсетілді, қазір ол ауруханада жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше полицейдің де қолы күйіп қалған.Бұған дейін Бағила Досмайылова деген әйел Instagram желісіндегі парақшасында Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Mudarabah Capital-ға қатысты қылмыстық істі жабуға тырысуда деп айыптап, өзінің өліміне Әбдірахмановты кінәлауды сұрап пост жазған болатын.

Бүгін бұл оқиғаға қатысты Рустам Әбдірахманов жауап берді.

«Көрсетілген қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылды, екеуіне халықаралық іздеу жарияланған. Сонымен қатар 6 күдікті қамауға алынды, үшеуі кепілзат беріп үйіне босатылды, тағы екеуі үйқамақта, бір адамнан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды…Процеске қатысушылар іспен танысқаннан кейін қылмыстық іс жақын арада сотқа жолданады. Материалдық шығынды өндіру мәселесін сот қарайтынын атап өткім келеді», деп жазды Полиция департаменті басшысының орынбасары Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар Рустам Әбдірахманов Бағила Досмайылова тезірек жазылып шығуына тілек білдірген. Mudarabah Capital 2020 жылы құрылған, оны танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаев жарнамалаған еді.

Министрліктің алдында орын алған жағдай бойынша ҚР ҚК 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here