Эксклюзивті мазмұн:

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

«Ешқандай досым жоқ»: Ақтөбеде 16 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірген

Ақтөбеде 40 жастағы анасын пышақтап өлтірген қызға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Әйелдің өліміне оның туған қызы мен жігіті айыпталып отыр, деп хабарлайды Diapazon.kz-ке сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Соттың алғашқы отырысында 18 жастағы айыпталушы жігіт бұл іске қыздың қатысы жоқ екенін айтып, қылмысты толықтай өз мойнына алған еді. Оның айтуынша, қанды оғиға болатын күні әйел қызын жігіттен қорғамақ болып шабылдаған. Жігіт қорғану үшін әйелді тұншықтыруға тырысқан, алайда келіншектің қолын бұра берген кезде пышақ марқұмның кеудесіне барып сұғылған. Дегенмен соттың екінші отырысында жігіт айғақтарын өзгертіп, қыздың өзі анасын бірнеше рет пышақтап тастағанын және бұл қылмысты өзінің жасамағынын айтты.

«Кездесіп жүрген қызымның анасы мені бөлмесіне шақырып алып, маған боғауыз сөздер айтып, «қолыңнан түк келмейді» деп дауыс көтерді. Қызы отбасынан гөрі, мені қатты жақсы көретінін айтты. Ол ішімдік ішіп алған еді. Қонақ бөлмеде 4 бөтелке сыра тұрды, үшеуі босап қалған. Сондай-ақ ол жерде пышақ, қуырылған балық, нан тұрды. Біраз сөзге келіп қалғанан кейін ол пышақты алып, мені қорқыта бастады. Мен одан пышақты алып тастауды өтіндім, сабырға шақырдым. Бірақ ол маған шабуыл жасай бастады. Біз қонақ бөлмеден жүгіріп шықтық, мен оның қолынан пышақты қағып алып, оны тұншықтыра бастадым. Бұрын күреспен айналысқанмын, оны кинодағыдай ұйықтатып тастау үшін тұншықтыра бастадым. Сәлден соң екеуміз еденге құладық, мен оның астында қалып қойдым. Қызына анасын тыныштандыру үшін қандай да бір әрекет жасау керектігін айттым. Ол сол сәтте пышақты алып, анасына сұқты. Мен оны тоқтатпақ болғаныммен, ол мені тыңдамады. Мен тергеуде және өткен сот отырысында өзімнің қылмыс жасағаным туралы жалған мәлімет бердім, өйткені мен қызымды жақсы көрдім және жақсы көремін, оны бәрінен қорғағым келді. Біздің болашаққа жоспарларымыз болды, үйленгіміз, балалы болғымыз келді. Қазір мен шындықты айтып отырмын», – деді айыпталушы.

Анасын өлтірді деп айыпталған 16 жастағы мектеп оқушысы сотта өз қылмысын мойындап, оның бұл қанды іске жігітінің қатысы жоқ екенін айтты. Айтуынша, сол сәтте ол өзінің не істеп жатқанын қызу қандылықпен білмеген. Анасын өлтіру ниеті болмаған. Қыз тіпті пышақты қай жерге сұққанын да түсіндіре алмады.

«Жігітім кешке келіп, кранды жөндеді. Анам қуанып, артынша ілгішті де жасап беруін өтінді. Бірақ мен қабырғаның бұзылатынын ескерттім. Айтқанымдай болып шықты, анам сол кезде ұрыс шығарып, жігітіме айқайлады. Мен дәретханадан шыққан кезімде анамның қолынан пышақ көрдім, қорқып кеткендіктен көзімді жұмып алдым. Содан соң шу шығып, екеуі жерге құлады. Мен одан сайын қорқып кеттім. Сол сәтте жігітім көмек сұрады. Мен не істеп жатқанымды түсінбедім, көзімді ашып, екі қолыммен пышақты ұстап, анама оны сұға бастадым. Қанша рет зиян келтіргенім есімде жоқ. Мен оны өлтіргім келмеді», – деді оқушы қыз.

Осыдан кейін олар қайтыс болған әйелдің денесін балконға шығарып, иісі болмас үшін үстіне сірке суын құйған. Олар төрт күн бойы пәтерде болған. Қыз «ауырып қалдым» деген сылтаумен мектепке бармаған, ал жас жігіт колледжден қоңырау шалған кезде телефонды көтермеген. Төртінші күні олар болған оқиғаны ағасына айтуды шешкен.

Сондай-ақ, мектеп оқушысы анасы оны жақсы көрмегенін, бала кезінен оны мазақ еткенін, тіпті ұрып-соғып достарымен араластырмағанын айтты. Бұл айғақтар сотқа қатысушыларды таң қалдырды.

«Анам шын мәнінде мені үнемі мазақ қылып, жиі қол көтеретін. Кішкентай кезімде оның жігіті мені ұрып-соққан, тіпті орнымнан тұра алмай қалдым. Бір рет ол мені жастықпен тұншықтырды, мен мүмкіндігінше ауа жинап, өлген бала сияқты жаттым. Мен 7 жаста болғанда, ол менің асқазанымның алдында пышақ ұстап, «алдымен саған , сосын өзіме пышақ тығып, бірге өлеміз» деп айтқан кездері болды. Мен анама жалынып, өмір сүргім келетінін айттым. Ол өзіне талай мәрте қол жұмсамақ болды, мен оны әрдайым тоқтатып жүрдім. Ол мені жек көрді, бірде мені балалар үйінен алғанын айтты, бірде түсік жасатқысы келгенін айтты. Мен жай ғана анаммен қызы сияқты сөйлескім келді, тіпті жұмысқа орналасқым келді. Бірақ ол үнемі маған ұрысып, тіпті ешкіммен араласқанымды қаламады. Сондықтан да менің ешқандай досым жоқ», – деді 16 жастағы анасын өлтірген қыз.

Соңғы

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің 15 облысы мен 3 республикалық қаласынан іріктелген 28 оқушы қатысып, сөз сайысына түспек, -деп хабарлайды...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнарды атып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Күдіктінің 11 айға жуық уақыттан...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here